030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

№ 45 ОРТА МЕКТЕП САЙТЫ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАР ЕДІҢІЗ?

Өте жақсы - 83.9%
Жақсы - 15.1%
Қанағаттанарлық - 0%
Қанағаттанарлықсыз - 1.1%

Total votes: 93
The voting for this poll has ended on: 31 Қаң 2018 - 00:00

Жас ұстаз

       25 наурыз күні мектебіміздің жас мамандар арасында «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» атты республикалық байқаудың, мектепішілік кезеңі өткізілді.  Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеру мақсатында жұмыс жүргізілді. Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі шығарылып, жеңімпаздар да  анықталды. 

 

View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=7#sigFreeIdff1742d1e6

«Жігіттің сұлтаны»

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «№45 ЖББ орта мектеп» КММ – де 2 – 3 кластар арасында «Жыл басы – Наурыз!» атты тәрбиелік шара өтті. Тәрбиелік шараның негізгі мақсаты: Ұлыстың ұлы – күні Наурыз мерекесі туралы оқушылардың білімдерін тереңдету, мәнерлеп оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін дамыту болды.

            Мерекелік шарада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. 3 «Ә» класының қыздар тобы «Қамажай» биімен көрермендерді тәнті етті. 2 класс оқушылары Наурыз туралы жыр шумақтарын айтса, 3 «Б» класының оқушылары «Қош келдің, Наурыз» әнімен көзге түсті. Шара барысында Ақ әжелеріміз ортаға шығып, келген қонақтарға тәтті бауырсақтан дәм татқызды.

Әз - Наурыз

Көптен күткен Әз-Наурыз да келіп жетті. Наурыз-Жыл басы.Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз  бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Осы мерекеге орай  №45 жалпы білім беретін орта мектептің  4 «А»және «Ә» кластары бірігіп, «Қош келдің,Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарламасын өткізді

View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=7#sigFreeIdba4f26a0dc

«Өмірде ана-бұлақ, ана- пана, Өмірді өркендетер ана ғана»

Көктемнің алғашқы күнінде келетін 8-наурыз мерекесін №45жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары мен оқушылары да өз деңгейінде атап өтті.

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубатаева Құрманай Базарбайқызының ұйымдастыруымен «Өмірде ана-бұлақ, ана- пана, Өмірді өркендетер ана ғана» атты апталықтың жоспары құрылып, белгіленген іс-шаралар өз мәнінде өтті.

27.02 күні апталықтың ашылуына мектептің әр кластарынан белсенді аналар, зейнеткер ұстаздар, ақ жаулықты әжелер және ұстаздар қауымы қатысты.

Апталықты мектеп директоры А.Қ.Ешмағамбетова  аналарға арналған жүрекжарды құттықтауымен ашып, әрі қарай апталықтың жоспарымен тәрбие бөлімінің орынбасары Қ.Б.Кубатаева таныстырып өтті.

Қуаныш сыйлаған күн

8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай  №45 жалпы білім беретін мектепте «Отбасы мен мектеп бірлігі – болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өтті.

            Апталықта түрлі шаралар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Апталықтың үшінші күні 5-6 класс оқушылары ұстазы және анасымен топтық сайысқа түсті. Бұл шара «Бала өсірген ата-ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстазы бала болып ойлайды» тақырыбында өтті.

             Бұл байқау төрт бөлімнен: таныстыру, тәрбиелік маңызы бар сахналық қойылым, өз өнерін ортаға салу және шеберліктерін көрсету.  Алғашқы таныстыру кезеңінен бастап қыз балалардың аналары, класс жетекшілері өздерін жан-жакты толыққанды таныстыра отырып, өнегелі қойылымда өмірден алынған толғаныс сәттері көрерменнің жүрегіне жол тапты. Өнерлерін көрсету кезеңінде  ұстаздар, аналар мен қыздары өздерін түрлі қырларынан таныта білді.

Ал, кәнекей, қыздар!

 «Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды »,- деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз. Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай мектебімізде бастауыш кластар аралығында  «Сыйынар ем Ана деген тәңірге...»  атты апталық аясында  3 кластар аралығында  «Ал, кәнекей, қыздар! »  атты сайыс өткен болатын. Оқушыларымыз осы сайыс барысында өздерінің анаға деген сағынышын, сезімін, махабатын көрсету мақсатында түрлі сайыс әдістерін көрсете білді. Сезімге толы кеш өтті.

«Ардақтайық ананы!»

04.03.2017 күні мектебімізде  Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Аяулы аналар мерекесіне орай, 1 кластар арасында «Ардақтайық ананы!» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында класс оқушылары аналарға арнап, өлең – жыр шумақтарын оқып, би – билеп, өз өнерлерімен ана бойындағы асыл қасиеттерді сахналық қойылымдар арқылы жеткізе білді. Мерекелік шарада аналар өз балаларының өнерін тамашалай отырып, балаларымен ойынға да белсене аралысып кетті.