030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

№ 45 ОРТА МЕКТЕП САЙТЫ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАР ЕДІҢІЗ?

Өте жақсы - 83.9%
Жақсы - 15.1%
Қанағаттанарлық - 0%
Қанағаттанарлықсыз - 1.1%

Total votes: 93
The voting for this poll has ended on: 31 Қаң 2018 - 00:00

Жас ғалым


View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=21#sigFreeId7f6a378373

Ғылым, Абай пікірінше, ғайыптан пайда болатын кездейсоқ құбылыс емес, ол шын дүниенің бойындағы объективті шыңдықтардың біртіндеп ашылып танылуы арқылы жиналып бірте-бірте қорланатын рухани қазына. Мұның иесі – Ғалым. Кімде-кім талмай еңбектеніп, сарыла ізденіп санасын мәні ашылған шындықтармен толықтырып, қорландырып отырса, ғылымның бір саласын жете меңгерген ғалым болуы қиын емес. Ғалым болу әрбір адамның өзіне тікелей байланысты құбылыс. Осы себепті де Абай: «Жамандық көрсен нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, Жақсылық керсен ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз, Ғалым болмай немене Балалықты қисаңыз?..», -деп келешек ұрпаққа өз өсиетін айтады. Ұлы Абайдың өсиетін нық ұстаған №45 ЖББ орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары Бакытжан Гүлбану мен Серикова Жаннат, «ZIAT»  Ғылыми – әдістемелік орталығының ұымдастыруымен өткен V Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылар өздерінің ғылымға деген қызығушылықтарын көрсетіп қана қоймай, өздерінің атқарған үлкен еңбектерінің жемісін көрді. Шәкірті зейінді келеді, ұстазы бейілді болса демекші, оқушыларымыздың ұстазы химия пәнінің мұғалімі Әзиза Абылайқызы да үздік дипломмен марапатталды.

Үздік мүсін

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен  «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және Ақтөбе қалалық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 30 желтоқсанда сағат 11.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Үздік мүсін-2016» атты байқау ұйымдастырылды. Мақсаты: Қала  тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Қамқорлық акциясы

2016 жылдың желтоқсан айының 28-де Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға  қаржылай  және материалдық көмек  көрсетуге бөлінген қ аражатты жұмсау ережесін бекіту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №64 қаулысын жүзеге асыру мақсатында«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында жалпыға міндетті оқу орнынан 45 оқушыға қалың жемпір мен  ақ футболка таратылды.


View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=21#sigFreeId29a964b5be

«№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сінде 2016 жыл бойынша көрсетілген мемелекеттік қызметтер туралы анықтама

«№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сінде 2016 жылғы  19 қаңтардағы  «Мемлекеттік қызмет көрсетуге   жауапты тұлғаларды бекіту туралы»   №36  бұйрына  сәйкес  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын орындауға және қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар  бекітіліп, төмендегі мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсетілді:

Мемлекеттік қызмет атауы

Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны

мемлекеттік қызмет стандарттарын орындауға және қызмет көрсетуге жауапты тұлға

1

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

2

Ермухамбетова А.Ж

2

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

0

Ермухамбетова А.Ж

3

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

116

Ермухамбетова А.Ж

4

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

52

Башанова Э.К

5

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

11

Ермухамбетова А.Ж

6

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

224

Тлеулина А.А

 

Барлығы:

405

 

 

45-тің алауы

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен 13 - 14 қазан  күндері «Достық» лагерінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мұғалімдер күніне арналған білім саласы қызметкерлері арасында  спорттық туризм  техникасы сайысына №45 орта мектеп мұғалімдерінен «45 алауы» атты команда қатысты.

                                                

View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=21#sigFreeId02283b8618