030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

№ 45 ОРТА МЕКТЕП САЙТЫ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАР ЕДІҢІЗ?

Өте жақсы - 83.9%
Жақсы - 15.1%
Қанағаттанарлық - 0%
Қанағаттанарлықсыз - 1.1%

Total votes: 93
The voting for this poll has ended on: 31 Қаң 2018 - 00:00

"Әйел-ару, әйел - батыр, әйел-жар "

 

View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php?start=14#sigFreeIdfc084b88b5

№45 орта мектепте  өткен "Отбасы мен мектеп бірлігі- болашақ ұрпақ тірлігі"  атты апталық аясында  9-10класс оқушыларыны арасында "Әйел-ару, әйел - батыр, әйел-жар" тақырыбында  әртүрлі мамандықты меңгерген аналармен танымдық кездесу кеші өтті. Оқушылар көктем мерекесі 8наурыз-халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, өмірі мен еңбек жолы арқылы өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалар - кездесуге келген қонақтармен таныстырып өтті. Олар тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің ажарын келтіріп жүрген аяулы аналар: бірі өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, зейнетке шыққан ардагер ұстаздар-Табулдинова Қуаныш апай, Сатымирова Гүлжан апай; бірі-"Қазақстан теміржолы " саласында халыққа қызмет көрсетіп жүрген жолсерік-Акашева Анжела болса , енді бірі нәзік жанды әйелдер қауымының  әскери салада қажымай еңбек ететінің дәлелі -Каракулова Айнұр болды. Көңілді ән жырмен басталған кездесу қызықты жалғасты.

Өнерлі өрендер

Биылғы жылдың 24 ақпан күні «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 

І облыстық  «Біздің қолымыздан бәрі келеді!» атты фестифаль өтті. Осы конкурсқа мектебіміздің 3 «Ә» класс оқушысы Адилгиреев Дастан мен 2 «Ә» класс оқушысы Қуанышқалиев  Олжас қатысты.  Мектебіміздің технология пәні мұғалімі  Назгүл Әмірханқызы  конкурстың ережесі бойынша оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Балалардың қолөнерге бейімділігін таныған  Назгүл Әмірханқызы  оқушыларды класс жетекшілерімен біріге отырып, «Бейнелеу және  сәндік  қолданбалы өнер»  бағытын таңдап, ата-аналарымен бірігіп, керекті материалдарын алып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп,  жұмыс жасады.

“Ауғаныстан – жүректегі жара”

         15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай № 45 жалпы білім беретін орта мектепте ақпан айының 25 жұлдызында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл кездесуге Ақжар 2 ауылының тұрғыны ауған соғысының ардагері Мурзагалиев Орынбасар Досымбаевич пен №37 орта мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі, тәжік – ауған соғысының ардагері  Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы келді. Кездесу барысында оқушылар ардагер ағаларына өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасты. Ардагер ағалар өз бастарынан өткен соғыс кезіндегі қиыншылықта-рын айтып өтті. Сонымен қатар оқушыларды патриот болуға, өз Отанына адал болуға және де сабақтарын жақсы оқуға шақырды. Кеш соңында мектеп директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыс айтты.