030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Біздің ұйым осындай!

Автор: № 45 орта мектептің аға тәлімгері Түбірова Айгерім Ерболқызы. Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesОқушы бойында эстетикалық талғам қалыптастыру, сахна мәдениетіне баулу, және жан-жақты тәрбие беру мақсатында мектебімізде түрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі «Алтын күз» мерекесі.

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен мектебімізде 2013 жылдың 13-16 қараша күндері аралығында «Алтын күз-2013» мерекелік бағдарламасы өткізілді. Осы мереке аясында 4 күнге созылған арнайы бағдарлама құрылды.

1 кластар үшін «Күз мереке-күз береке» атты көрме ұйымдастырылып, үздік жұмыстар арнайы алғыс хаттармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2-класс үшін ата- аналары және балалары арасында «Спорт бақытты болашық» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылып, жүлделі І орын алған 2 «А» класыны «Күншуақ» отбасылық тобы ІІ орын алған 2«Ә» класының «Барыс» тобы және ІІІ орынға ие болған «Асқақ» тобы арнайы дипломдар мег қатар бағалы сыйлықтарға ие болды.

3-4 және 5-7 класс оқушылары үшін ұйымдастырылған «Күз ханшасы мен ханзадасы-2013» атты байқауда, әр кластан шыққан жұпты 6 тур бойынша сынап, ең үздік атанған жұптарға бағалы сыйлақтар мен қатар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілді.

imagesАл жоғары буын оқушылары яғни 8-10 кластары үшін «Күзгі думан» атты екі бөлімнен тұратын балл ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде әр класс 4 тапсырма бойынша бақтарын сынады, ең үздік болған кластың бағасын көрермендер қошеметі арқылы анықтап, әділ бағалары берілді. Ал екінші бөлім бойынша әр кластың хас сұлулары шығып, «Ханшалар » сайысына түсті. Олар да 4 тур бойынша бақтарын сынап, үздік ханша атанған 10 класс оқушысы Елдесова Арайым «Күз ханшасы-2013» атанды.

Мереке аяқталған соң көптеген ата-аналар , класс жетекшілер соның ішінде бастауыш сынып ата-аналары, осындай мереке-думаннан үлкен әсер алғандарын айтып, өз алыстарын білдірді. =Құрметті «Жас Ұландықтар» , мектебіміздегі осындай мерекелік іс-шараларда өз міндеттеріңізді аса жауапкершілікпен атқарып, ұйым жұмысының жандануына үлес қосқандарыңызға үлкен алғыс білдіремін. Үлкен биіктерден көріне беріңіздер!