030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны....

Автор: № 45 орта мектептің 9 класс оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі - Анесова Диана. Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы - өскелең ұрпақты жоғарғы рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын ұйым.

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыра отырып, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» ұйымының басты мақсаты болып табылады.

Еліміздің өркендеуі, гүлденуі- болашақ ұрпақтар қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Осы мақсаттың орындалуының бірінші баспалдағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына өту болып табылады.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына, №45 орта мектеп бойынша оқушыларды қабылдау жиыны 13 желтоқсан күні салтанатты түрде өткізілді.

Салтанатты жиын мектеп аға тәлімгері Тубирова Айгерім Ерболқызының бастауымен сағат 12.00-де мектеп спорт залында ҚР мемлекеттік туы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туының кіргізілуімен басталып, ҚР мемлекеттік Гимні айтылды.

Бұл шараға 2 класс оқушылары «Жас қырандар» қатарына және 5 класс оқушылары «Жас Ұландар» қатарына қабылданып, салтанатты уәде тапсырылғаннан соң, көк галстуктарымен төс белгілері тағылды.

Мереке қарсаңында өткізілген жиынымызға мектеп әкімшілігімен қатар мектеп ата-аналары қонақ болып, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері, мектеп ұланбасы, бөлім басылары да үлкен жауапкершілікпен қатысты.

Өз өтініштерімен «Жас Ұлан» ұйымына барлығы - 100 оқушы қабылданды. Оның ішінде «Жас қырандар» саны -36 оқушы, «Жас Ұландар» саны -34 оқушы Осы оқушыларымыздың барлығы патриоттық сезіммен салтанатты уәделерін тапсырып, мойындарына көк галсуктарын және төс белгілерін тағып, Отанымыздың нағыз «Жас Ұландар» мен «Жас қырандары» атанды. Бұл оқушылар үлкен жауапкершілікті өз мойындарына алғандарына ала отырып, елімізді көркейтуге кішкене болса да өз үлестерін қосқандарын сезіне білді. Себебі олар бұл жиынға аса дайындықпен, үлкен жауапкершілікпен қатысып, берген салтанатты уәделерін сондай Қазақстандық патриоттық сезіммен айта білді.

«Жас Ұланар» мен «Жас қырандарға» сәттілік тілей отырып, Қазақстан Республикасының беделді азаматтары болуға, болашақта еліміздің еңсесін биік көтеріп, даңқын асқақтатуға өз үлестеріңізді қосып, Отанымызды қадірлеп, тілімізді қастерлеп, үлкен биіктерден көріне берулеріңе тілектеспіз.