030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Қоғам. Жастар. Жаңа бастамалар» аға тәлімгерлер мен «Жас Ұландықтарға» арналған облыстық форумы өтті.

Автор: А.Е. Тубирова. Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesАқтөбе қалалық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілері мен ұланбасыларына арналған «Қоғам.Жастар.Жаңа бастамалар» атты облыстық форум өтті. Форумның мақсаты – облыстағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыстарын жандандыру, жастардың белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, тәлімгерлердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының қызметкерлері, облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Замира Табынбаева, «Балалар мен қыздардың одағы» қалалық балалар ұйымының жетекшісі Людмила Сухомицкая, дін өкілдері және қала, аудан мектептерінен келген аға тәлімгерлер мен ұйым мүшелері қатысты.

Қазіргі таңда қалалық «Жас Ұлан» бірлестігі Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін 70 мектептің ұйымдарын біріктірді. Бүгінде бұл ұйымның құрамында 30 мыңнан астам оқушы бар. Қазір ұйымның құрамындағы оқушылар әртүрлі шараларға, байқауларға қатысып, өз үлестерін қосып жүр. Қала, аудан мектептері арасында да түрлі кештер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аудандарда да аталған ұйым өз жұмысын жандандырып, оқушылардың шығармашылығын дамытуда, оларды отансүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде іс-шаралар өткізіп келеді.

imagesОсы облыстық форумның өзі де балалар үшін, олардың қоғамдық жұмысқа араласып, белсенді, жан-жақты болып тәрбиеленуі мақсатында жасалынып жатқан игі шара болып табылады.

imagesЖиында қала мектептерінен және аудандардан келген ұйым мүшелері өздерінің жұмыстарын көрсетіп, жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ұйым жетекшілері мен ұланбасылары балаларға арналған сахналық қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды. Ең бірінші сахнаны ашқан, біздің, №45 орта мектеп «Жас Ұландарының» презентациялық қойылымымы жоғары дәрежеде көрсетіліп, оқушыларымыз облыстан келген делегаттардың көзайымы болды. Әр ауданнан келген аға тәлімгерлер де шара барысында өз жұмыстарына шолу жасап, ақпараттық көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, олар бірнеше топқа бөлініп, қала мектептерінен қатысқан әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында пікірталас өткізіп, «Менің болашақ мамандығым», «Көкжиек» шығармашылық шеберханасы» секілді ойын-тренингтер өткізді.

Форумның соңында ұйым мүшелері үндеу қабылдағаннан кейін, оларға облыстық білім басқармасы басшысының атынан сертификаттар ұсынылды.