030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Қайырымыдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі»

Автор: аға тәлімгер Түбірова Айгерім Ерболқызы. Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesМектебімізде наурыздың он жетісі күні, оқушыларды рухани адамгершілікке, достыққа, мейірімлідікке тәрбиелеу; өзгелер үшін қайырымды істер жасай білуге, қол ұшын беріп, көмек көрсетуге үйрету мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері бастаған «Ашық алақан» қайырымыдылық акциясы өтті.

Қайырымыдылық акциясының негізгі міндеті денсаулығы нашар, мүгедек балаларды қолдау және көмек көрсету болып табылады. Осы акция аясында арнайы қор жинау үшін алдын ала мектеп оқушыларына «Ашық алақан» атты қайырымыдылық акциясын ұйымдастыру туралы хабарландыру іліп, жәрмеңке өткіздік. Жәрмеңкеге 5-8 класс оқушылары қатысып, өздері қолдарынан пісірген тәтті тоқаштар мен бәліштерді сатуға шығарды. Бұл тағамдардың бағасы аса қымбат болған жоқ. Оларды мектебіміздің оқушылары, ұстаздар қауымы, тіпті бастауыш кластың «Наурыз» мейрамына келген ата-аналары да сондай ілтипатпен сатып алды.

Осы жәрмеңкеден түскен қаражат денсаулығы нашар, мүгедек балаларды қолдау қорына жіберіледі.

Дүниеге келген әрбір жанның тағдыры әр түрлі. Бірінің дені сау болса, енді біреуінің – денсаулығы нашар, мүгедек. Ал басқа біреулері аялы алақанды көрмегендер. Өмірде бұндай балалар қоғамнан және адамдардан көмек, қолдау күтеді. Осындай бейтаныс балаларға жақсылық жасап, ашық алақанмен көмек көрсету біздің парызымыз деп білеміз.

«Қайырымыдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі» дегендей, жүректері қайырым мен мейірімге толы балаларымыз көп болсын.