030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Сенбілік

Автор: Черниязова Ж.Б. on . Posted in Мерекелік іс-шаралар

          Сенбілік – Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12  сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Бүгінгі күннің өзінде бұл сенбілік өз жалғасын табуда. Өткен сенбі күні ұйымдастырылған сенбілікке Ақтөбе қаласы №45 жалпы білім беретін орта мектеп те қатысты. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, қураған шөп-шалаңдардан тазартты. Бұл сенбілікке мектеп ұстаздарымен қатар кіші қызметкерлері  және 1-10 сынып оқушылары белсене атсалысты. “Тазалық – денсаулық кепілі”,-деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз!