030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Қош, білім баспалдағы бастауышым!

Автор: Тажиева Ш.С. on . Posted in Мерекелік іс-шаралар

Мамырдың 21 жұлдызында  мектебімізде  4-класс оқушыларының «Бастауышым-бал бұлағым» атты бастауыш буынмен қоштасу ертеңгілі өтті. Ертеңгілікті ұйымдастырушылар тәжірибелі  бастауыш класс мұғалімі Суликанова Қарагоз Тубасовна мен жас маман Абдуллина Гүлшат Асылханқызы.  Биылғы оқу жылында бастауыш класты бітірушілер саны-45. Оның оқу озаты - 10. Мұғалімдер ертеңгілікке сай залды әдемі  шарлармен көркемдеп, әсемдеген. Ертеңгілікті оқушылардың ата-аналары түгел келіп тамашалады. Мерекелік шараны мектеп директоры Абзал Амантайұлы ашып, бастауыш буын түлектеріне сәттілік тіледі. Оқушылар  өздерінің білімдері мен ән-би, көріністерін ортаға салды. Ертеңгілікте оқушылар  мектеп, ана, әке, ұстаз туралы өлеңдер шырқап, мамандық туралы көрініс қойды. Шара соңында ата-аналар қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздарға жүрек жарды лебіздері мен тілектерін айтып, естелік суретке түсті.