030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні!

Автор: Жантлеуов Т.. Posted in Мерекелік іс-шаралар

     

      Уақыт өткен сайын аталарымыздың сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа аманат. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын және де осы ұғымды болашақ жастарымыз, оқушыларға, мектеп жасынан бастап патриоттыққа тәрбиелеп  өсіруіміз керек.

 

       Осыған байланысты мамыр айының 3 күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай № 45 орта мектепте 5-9 сыныптар арасында “Жас сарбаз” атты саптық ән байқауы өтті. Бұл байқау жасөспірім ұрпаққа Қазақстандық патриотизм, туған елімізге мемлекеттік рәміздеріміз бен конституциямызға құрметпен қарау сезімдерін дарыту  мақсатында өтті. Байқау мынадай шарттары:

       -әскери киім;

       -әскери сәлемдесу;

       -бас төрешімен амандасу;

       -саптық жүріс;

       -саптық ән айту.

       Байқау нәтижесінде 8 «Ә» класы жалпылама І орынға, 7 «А» класы ІІ орынға, 5 «Ә» класы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар “Ең әдемі киім” номинациясы 5 «А» сыныбына, “Ең үздік ән” номинациясы 8 «Ә» сыныбына, “Ең үздік командир” номинациясы Оқасов Мәдиге берілді. Бұл байқауда оқушылар сапта жүруді, әскери сәлемдесуді, сапта ән айтуды, орындағы бұрылыстарды, бұйрық беруді үйренді.

 

        Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.