030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Автор: Байтақов Е. М.. Posted in Мерекелік іс-шаралар

 

 

 

№ 45 орта мектеп білім күнін үлкен дайындықпен қарсы алды. «Сыңғырла – сыңғырла қоңырау» атты мерекелік жиын қазақ биімен ашылды. ҚР Мемлекеттік  туы салтанатты түрде кіргізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндермен қосыла шырқалды. Биылғы жылы мектеп қабырғасына 48  бүлдіршін бірінші класқа қабылданып, мектеп оқу жылын 416 баламен бастады. 

  Мерекені алғашқы әнмен мектеп мақтанышы, «Bala Turkvizon»  халықаралық балалар ән байқауы жартылай турының жеңімпазы Ақтөбе облысының намысын қорғаушы Сатиев Рахман ашып,  қыздыра түсті.  

               Бүгінгі күн, «Тілашар» тойы саналар,

               Балалардың есімдері, кең әлемге таралар.

               Ырыс етіп сондықтан да, сөзіміздің соңында

      Әуелесін көк аспанда, ақ тілекпен бұл шарлар - деп өлең шумағында айтылғандай оқушылар көкке шар ұшырып, «Ақжар-2» тұрғындар алабының аспаны түрлі-түсті түске боялды. Оқушыларымыз ұшырған  өз шарларына  армандарын  ілестіріп,  тұңғиыққа батқанша  көз  алмай қарап тұрды. 

         Биылғы оқу жылының ерекшелігі 1-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сыйлыққа кітап тапсырылды. «Қымбатты жас дос!» деп басталатын Елбасының алғашқы сөзінде былай делінген:

      Сен жаңа белеске қадам бастың - мектепке келдің, оқушы болдың!

     Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің саған жасаған сыйлығым !

      Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп отыр.

      Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениетін, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі .

     Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен  бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!

          Салтанатты жиын, сыңғырлап соғылған алғашқы қоңырау үнімен жалғасты. Қоңырау соғу салтанаты 11-класс озаттары мен 1-класс табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге бұйырды. Оқушылар Бейбітшілік пен келісім сабағына класс жетекшілермен бірге мектепке қарай беттеді.