030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Қош бол, аяулы бастауышым!

Автор: бастауыш класс мұғалімі Махамбет Ш. Т. Posted in Мерекелік іс-шаралар

images Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, небір арман қуған жеткіншектер де бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Солардың бірі осыдан 4 жыл бұрын тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солдарын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген біздің № 45 орта мектебіміздің шәкірттері 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздары Тәуірбайқызы Айнұр, Исенбайқызы Гүлмира апайларымен қоштасып, орта буынға қадам басты.

«Мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 4 жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттеріміз тәрбиенің де сан қырын иегергенін: бірі - шығармашыл, бірі - әнші, бірі - биші, бірі - актер екенін көрсетіп, ұстаздар еңбегін паш етті. Балаларының білімі мен өнеріне ата-аналар тәнті болды. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатыны, болашақта алар білімнің негізі болып қаланатыны анық. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Шәкіртті тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек. Айнұр Тәуірбайқызы мен Гүлмира Исенбайқызына ата-аналар қауымы алдағы еңбек жолдарына білімді де тәрбиелі шәкірттердің көп болып, биік-биік белестерден көріне берулеріне тілектестіктерін білдірді.