030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«ГҮЛДӘУРЕН» мектеп жанындағы лагері салтанатты түрде ашылды

Автор: «Гүлдәурен» лагерінің басшысы Тубирова А. Posted in Мерекелік іс-шаралар

images2014 жылдың 5 маусым күні № 45 орта мектеп жанындағы «Гүлдәурен» лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақ болып Қалалық ғылыми әдістемелік орталық директоры Ж.Мухамбетова, Қалалық жас туристтер станциясы директоры Ж.Жанайдаров, мектеп ата-аналар комитеті төрайымы Д.Искакова және мектеп ұстаздары мен ата-аналары қатысты.

«Рика-ТВ» телеарнасы тілшілері мектеп жанындағы «Гүлдәурен» лагерінің ашылу салтанаты туралы телерепортаж әзірледі.

Қазақстан Республикасының гимні орындалғаннан кейін, балалар өз ұрандары мен хабарламаларын тапсыру арқылы салтанатты рәсімге толықтай дайындығын көрсетті. imagesСалтанатты рәсімге келген қонақтарымыз балаларға өздерінің жылы лебіздерін білдере отырып, демалысты жақсы өткізуге тілек білдірді. Одан әрі мерекелік шара концерттік бағадарламамен жалғасты.

Сонымен, қатар осы салтанатты рәсім барысында мектебіміздің ауласында құрылған балалар ойын және демалыс алаңы іске қосылды. Балалар ойын және демалыс алаңында ерекшелік – субұрқақ (фонтан). Жазғы мезгілде балаларымыз осы субұрқақ жанында өз уақыттарын қызықты өткізетін болады деп ойлаймыз.