030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Автор: Тубирова А.Е., № 45 орта мектеп аға тәлімгері. Posted in Мерекелік іс-шаралар

imagesАдамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 69 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше оңдаған жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері қуана тойлайды. Осындай тыл ардагерлерімізді мақтан тұтып, құрметтеп мектебімізге қонаққа шақырып, оқушылар мен ұстаздарға мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кешін ұйымдастырып, концерттік бағдарлама дайындаған 6 «Ә» және 8 «Ә» класының оқушыларымен «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері.

Бұл кездесуге осы Ақжар-2 тұрғындар алабында тұратын 8 тыл ардагері Кушкимбаева Асия Саткаровна, Абдуллаев Турганбай, Турганова Ақжарқын, Муханова Мария, Сейткалиев Кулмухан, Имангазин Накен, Елешова Сия шақырылды. Осындай тыл ардагерлеріміздің құрметіне «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында арнайы мерекелік концерт өткізіп, мереке соңында ардагерлерге арналып сыйлықтар таратылды. Ардагер аталарымыз бен әжелеріміз осындай құрметке мәз болып, өз лебіздерін айтып, ақ баталарын берді.

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесі барлығымыз үшін біздің халқымыздың теңдесіз ерлігі мен батылдығының өшпес үлгісіне айналды. Біз фашизмнен әлемді құтқарған, біздің Отанымыздың тәуелсіздігі мен намысын қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерлігімен мақтанамыз, азат етуші - жауынгерлердің ерлігі алдында басымызды иеміз.