030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Сенбілік

Posted in Мерекелік іс-шаралар

          Сенбілік – Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12  сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Бүгінгі күннің өзінде бұл сенбілік өз жалғасын табуда. Өткен сенбі күні ұйымдастырылған сенбілікке Ақтөбе қаласы №45 жалпы білім беретін орта мектеп те қатысты. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, қураған шөп-шалаңдардан тазартты. Бұл сенбілікке мектеп ұстаздарымен қатар кіші қызметкерлері  және 1-10 сынып оқушылары белсене атсалысты. “Тазалық – денсаулық кепілі”,-деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз!

Басып шығару

«Гүлдәурен» мектеп жанындағы лингвистикалық лагері ашылды

Posted in Мерекелік іс-шаралар

      Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы, күш жинау үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт–сауықтыру лагерлерінде, шипажайларда, мектеп жанындағы  жазғы сауықтыру лагерлерінде өтеді.

Басып шығару

Келешектің киелі ұраны да өздерің, Қыран болып ұшатын келіп қапты кездерің!

Posted in Мерекелік іс-шаралар

25 мамыр  Қазақстанның  барлық  мектептерінде  ерекше  орын  алатын  күн. Бұл  күн - мектеп  тарихында  қалатын  қуанышты күн. Бұл  күні   кеше  ғана  тұлымдары  желбіреп, жүректері  лүпілдеп, мектеп қабырғасын  имене  аттаған  ұл-қыздарымыз  ойы толып, бойы  өсіп, алтын  ұя мектебімен  қоштасқалы отыр.Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған  алтын  ұяларымен  қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен  сын  күтіп тұр.  Ол    Ұлттық  Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, қалаған  маманының иесі  болу. Мен  өзімнің  ұл-қыздарыма  білім  алу  жолында жалықпай,  талмай  ізденіп, ел  тізгінін  ұстайтын  азамат  болыңдар  деп  тілеймін!

Басып шығару

Қош, білім баспалдағы бастауышым!

Posted in Мерекелік іс-шаралар

Мамырдың 21 жұлдызында  мектебімізде  4-класс оқушыларының «Бастауышым-бал бұлағым» атты бастауыш буынмен қоштасу ертеңгілі өтті. Ертеңгілікті ұйымдастырушылар тәжірибелі  бастауыш класс мұғалімі Суликанова Қарагоз Тубасовна мен жас маман Абдуллина Гүлшат Асылханқызы.  Биылғы оқу жылында бастауыш класты бітірушілер саны-45. Оның оқу озаты - 10. Мұғалімдер ертеңгілікке сай залды әдемі  шарлармен көркемдеп, әсемдеген. Ертеңгілікті оқушылардың ата-аналары түгел келіп тамашалады. Мерекелік шараны мектеп директоры Абзал Амантайұлы ашып, бастауыш буын түлектеріне сәттілік тіледі. Оқушылар  өздерінің білімдері мен ән-би, көріністерін ортаға салды. Ертеңгілікте оқушылар  мектеп, ана, әке, ұстаз туралы өлеңдер шырқап, мамандық туралы көрініс қойды. Шара соңында ата-аналар қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздарға жүрек жарды лебіздері мен тілектерін айтып, естелік суретке түсті.

Басып шығару

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні!

Posted in Мерекелік іс-шаралар

     

      Уақыт өткен сайын аталарымыздың сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа аманат. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын және де осы ұғымды болашақ жастарымыз, оқушыларға, мектеп жасынан бастап патриоттыққа тәрбиелеп  өсіруіміз керек.