030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасының онкүндігі өтті»

Автор: Мектеп психологы Үміт Болатқызы. Posted in Психологиялық қызмет

images№ 45 орта мектепте 2015 жылдың 9-18 ақпан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аралығында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды. Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды.

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Әлі де жыр болып жазыларсың» атты әдеби-сазды кешпен ашылды. Бейнелеу пәні мұғалімі және сынып жетекшілердің бірлесуімен «Мейірімді ана» сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. «Жүректен жүрекке» тілек бұрышы ілініп, оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жеткізді. Онкүндік аясында өзін-өзі тану пәні бойынша Махамбет Ш. 2 «А» класында «Отбасы жүрек жылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Башанова Э. оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында 6 «А» класында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, айналадағы адамдарды құрметтеу, жақсылық жасау қасиеттері кеңінен ашылды.

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында психологиялық тренинг өткіздім. Психологиялық тренинг барысында адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық ұғымдарын терең ашып, мейірімділік арқылы адам бойындағы имандылық пен инабаттылық қасиеттерін дамытуға болатындығы туралы жан-жақты мағлұмат бердім. Ата-аналар тренингтерге белсене қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерінен ой-талқы жасап, ризашылық сезімдерін жеткізді.

Аз қамтылған отбасылардың балалары да назардан тыс қалған жоқ. Мектептегі әлеуметтік педагог Ермухамбетова А. бірлесе отырып «Адам болып өтейін» атты қамқорлық акциясы аясында оқушыларды «БЕРЕКЕ» қысқы ойын-сауық алаңына апарып, күндерін көңілді өткізуге ықпал еттік.

«Өз талантыңды аш» тақырыбында музыка пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушылар арасында ән байқауы өткізілді. Байқау ерекшелігі бойынша бұрын сахна өнеріне қатысы жоқ оқушыларды шығарып, өз таланттарын ашуға көмектесу болатын. Өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік «Күлімде, күн, күлімде!» мерекелік шарамен жабылды. Мерекелік шара соңында онкүндік аясында атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды.

Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік беретіндігі жан-жақты ұғындырылды. Жалпы өзін-өзі тану пәні арқылы баланың өзінің қадірін білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өз бетінше шешім қабылдау және ата-анамен, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін түсінді. Осы жұмысты өткізу барысында ата-аналардың мектепке деген көзқарасы өзгеріп, ұйымшылдығы артқандығы байқалды.