030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

ҚЫСТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ БІР КҮНІ...

Автор: № 45 орта мектеп on . Posted in Психологиялық қызмет

images2015 жылдың 12 ақпанында №45 орта мектеп мұғалімдері қаһарлы қыстың қытымыр аязына қарамастан 1-5 кластар бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан 18 оқушыны Кірпішті ауданында орналасқан «Береке» демалыс орталығына апарып, уақыттарын қызықты өткуіне ықпал етті. Бұл «Махаббат пен шығармашылық» декадасы аясында ұйымдастырылған шара.

imagesМақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, қыстың әсемдігін сезіне білуге баулу, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Табиғат аясында балалар коньки теуіп, төбешіктен сырғанап, суретке түсіп уақыттарын көңілді өткізді.

Демалыс орталығынан келген балалар үшін асханада арнайы ас әзірленіп, құнарлы әрі ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Prev Next