030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Өзін өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік

Posted in Психологиялық қызмет

          Республика көлемінде 2016 жылдың ақпан айының 2 мен 12 аралығындағы «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік біздің мектебімізде де өтті. Ашылу салтанаты өткізіліп, алдағы 10 күндіктің жұмыс жоспары таныстырылды. Қазіргі өзін -өзі тану пәнінің жаңартылған бағдарламасы бойынша тыныштық сәтінен басталып, 5 құндылық туралы жалпы мағлұматтар берілді, 3-класс оқушыларының  өзін - өзі тану пәні туралы оқыған көркем сөздер, Сара Алпысқызына арналған арнаулары одан әрі тақырыпты аша түсті. Сапарғали Сералиннің «Бала Шоқан» әңгімесі туралы көрінісі арқылы жеткіншек бойындағы сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттері арта түсті.

Басып шығару

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасының онкүндігі өтті»

Posted in Психологиялық қызмет

images№ 45 орта мектепте 2015 жылдың 9-18 ақпан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аралығында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды. Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды.

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Әлі де жыр болып жазыларсың» атты әдеби-сазды кешпен ашылды. Бейнелеу пәні мұғалімі және сынып жетекшілердің бірлесуімен «Мейірімді ана» сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. «Жүректен жүрекке» тілек бұрышы ілініп, оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жеткізді. Онкүндік аясында өзін-өзі тану пәні бойынша Махамбет Ш. 2 «А» класында «Отбасы жүрек жылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Башанова Э. оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында 6 «А» класында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, айналадағы адамдарды құрметтеу, жақсылық жасау қасиеттері кеңінен ашылды.

Басып шығару

ҚЫСТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ БІР КҮНІ...

Posted in Психологиялық қызмет

images2015 жылдың 12 ақпанында №45 орта мектеп мұғалімдері қаһарлы қыстың қытымыр аязына қарамастан 1-5 кластар бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан 18 оқушыны Кірпішті ауданында орналасқан «Береке» демалыс орталығына апарып, уақыттарын қызықты өткуіне ықпал етті. Бұл «Махаббат пен шығармашылық» декадасы аясында ұйымдастырылған шара.

imagesМақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, қыстың әсемдігін сезіне білуге баулу, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Табиғат аясында балалар коньки теуіп, төбешіктен сырғанап, суретке түсіп уақыттарын көңілді өткізді.

Демалыс орталығынан келген балалар үшін асханада арнайы ас әзірленіп, құнарлы әрі ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Басып шығару

Бүкіл әлем мен үшін!

Posted in Психологиялық қызмет

Адамның ең қымбаттысы - өмірі. Ол адамға бір - ақ рет беріледі. Сондықтан оны «Қайран босқа өткен жылдарым - ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш – қуатын дүниедегі ең тамаша іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек – деп орыс физиологы Н.А. Островский айтып кеткендей әрбір күн, уақыт, бізге бағалы қымбат. Сондықтан оны босқа өткізбейік.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі 2014 жылдың 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында «Бүкіл әлем мен үшін!» атты облыстық декада ұйымдастырды. Мұндағы мақсат: өсіп келе жатқан ұрпақтың психологиялық күш – қуатын қалыптастыруға, балалар мен жасөспірімдердің қоршаған әлемге деген қарым – қатынасын қалыптастыру, өмірді бағалауға, оны сүюге оның рухани – адамгершілік мәнін түсінуге, оларды ойлауына түрткі болып оқушыларға дұрыс бағыт – бағдар беру.