030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Ардагерлер Елбасының амандығын тіледі»

Автор: Оспанқызы Нұрбану қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Posted in Ата-аналармен жұмыс

images2015 жылдың 17 сәуірінде №45 орта мектеп ұжымы Ақжар-2 тұрғындар алабында тұратын тыл ардагерлері: Шуиншалин Зинелкабден, Абдуллаев Турганбай, Муханова Мария, Кушкимбаева Асия, Сейткалиев Кулмухан, Умаров Сатыбалды секілді ата - әжелерімізді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай тағайындалған ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет белгісі» медалімен марапаттауға арналған мерекелік шараға шақырып, кездесу кешін ұйымдастырып, сый-құрмет көрсетті.

Ата-әжелердің тұщымды әңгімелері арқылы тыңдармандар олардың балалық шағының өте ауыр болғанын, бала болса да еселі еңбек етіп, бұғанасы қатпай жатып жер жыртып, егін еккені туралы естіп, білді. Муханова Мария бүгінгі күнгі сый-құрмет, марапатқа ризашылығын білдіріп, еліміздің аманшылығын сатап отырған Елбасымыздың амандығын тіледі.

Тыл ардагерлері әңгіме соңында мектеп ұжымына, оқушыларға алғыс, тілектерін айтып, тәуелсіздік таңында ғұмыр кешіп жатқан балаларға – сендер, бақытты баласыңдар, ендігі міндеттерің – оқу, білімді ұрпақ болып, бейбітшіліктің қадірін білулерің керек, – деген өсиет айтты. Ата-аналар атынан тыл ардагерлерін құттықтап, өсиетін, тілегін білдірген Қыдыралин Жиенғали атаның сөзі оқушыларға үлкен ой тастады.

Кеш оқушылардың әсем әндері, әсерлі көріністері арқылы жалғасын тапты. Тәлімі мол танымдық кездесу кеші болды. Жас ұрпақтың қай кезде де ардагерлерге деген құрмет сезімі өшпек емес. Олар үлкенді, ардагерлерді құрметтейді, қадірлейді.