030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Желбіресін Жеңіс туы!

Posted in Ата-аналармен жұмыс

Биыл Жеңіс күні 71-ші рет аталып жатыр. Жеңіс туының астында бейбіт өмір сүрген мыңдаған ғасырлар ұрпақтарына Жеңістің оңайлықпен келмегенін ұғындыру кешегі, бүгінгі болашақтағы мектеп педагогика ұжымының атқаратын игі істерінің бірі болып табылады. Ұлы  Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығына «Желбіресін Жеңіс туы» тақырыбына орай №45 орта мектепте ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне «Ақжар-2» тұрғындар алабында тұратын тыл ардагерлері Сейткалиев Кулмухан, Муханова Мария және Шуиншалин Зейнелкабден қатысып, соғыс жылдарындағы бастарынан өткендерін естеріне түсіріп, оқушыларға айтып берді. Кездесуге мектеп оқушылары, мұғалімдер, мектеп әкімшіліктері қатысты. Кездесуде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубатаева Құрманай Базарбайқызы келген қонақтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап сыйлық тарту етті.

Басып шығару

Қарттарым – асыл қазынам

Posted in Ата-аналармен жұмыс

Біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне осы ардақты да аяулы қарттарымыздың қосқан үлестері зор,  еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуі осы қарттарымыздыңарқасы деп есептейміз. Міне, енді саналы ғұмырларын Отанға арнаған, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесіҚарттар күні жыл сайын аталып өтілуде. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

 

«Қарттарым – асыл қазынам» деп қарияларды әрқашан құрмет тұту – жас ұрпақтың міндеті.

Басып шығару

«Ардагерлер Елбасының амандығын тіледі»

Posted in Ата-аналармен жұмыс

images2015 жылдың 17 сәуірінде №45 орта мектеп ұжымы Ақжар-2 тұрғындар алабында тұратын тыл ардагерлері: Шуиншалин Зинелкабден, Абдуллаев Турганбай, Муханова Мария, Кушкимбаева Асия, Сейткалиев Кулмухан, Умаров Сатыбалды секілді ата - әжелерімізді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай тағайындалған ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет белгісі» медалімен марапаттауға арналған мерекелік шараға шақырып, кездесу кешін ұйымдастырып, сый-құрмет көрсетті.

Ата-әжелердің тұщымды әңгімелері арқылы тыңдармандар олардың балалық шағының өте ауыр болғанын, бала болса да еселі еңбек етіп, бұғанасы қатпай жатып жер жыртып, егін еккені туралы естіп, білді. Муханова Мария бүгінгі күнгі сый-құрмет, марапатқа ризашылығын білдіріп, еліміздің аманшылығын сатап отырған Елбасымыздың амандығын тіледі.

Басып шығару

«БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Posted in Ата-аналармен жұмыс

imagesЕгеменді еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын балаларымыздың жағдайын жақсарту мақсатында көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасыларға әлеуметтік көмекпен мейірімді жүректеріңіздің жылуын көрсетіп, балаларымыздың мектепке баруын қамтамасыз ету біздің азаматтық парызымыз. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылдың 15 наурыз - 26 сәуір аралығында республика көлемінде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.

Басып шығару

Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған демеуші

Posted in Ата-аналармен жұмыс

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. Әсіресе балалар... Осы орайда аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында хаттар жолданып, балаларға сыйлық ұсынуға демеушілер тарту көзделді. Соның біріне жауап берген демеушілер қатарынан тәтті сыйлықтар ұсынуға қайырымдылық жасаған жеке кәсіпкер А. Кайрлиевке мектеп әкімшілігі мен ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз. Демеуші тарапынан 20 000 (жиырма мың) теңге қаражатқа сыйлық сатып алынып мектебіміз бойынша тіркелген 16 отбасынан шыққан 28 оқушыға таратылды.

Prev Next