030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Бақытым да, байлығым да – денсаулығым

Автор: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанқызы Нұрбану. Posted in Тәрбие жұмысы

imagesДенсаулық - баға жетпейтін асыл дүние. Ол жақсы болу үшін уақытты, күш-жігерді, еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөліп ерекше күтуі тиіс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсымыз дене тәрбиесімен айналысып, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалықты сақтау қажеттігін әр балаға мейлінше түсіндіруге тырысып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керектігін үнемі айтып отырамыз.

Осындай бағытта 16 қаңтар күні мектебімізде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында 7-8-кластарға акция өткізілді.

Орталықтан келген маман, дәрігер-валеолог Қожыкова Жазира Қанатқызы денсаулыққа байланысты (тұмау, зиянды заттар т.б.) сұрақтар, видео-роликтер арқылы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға сұрақтар қойып, тренингтер өткізді. Оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ашық айтып акцияға белсенділікпен қатысты. Орталық директоры Д.Қайдарова салауатты өмір салтын белсенді насихаттап «Денсаулық-зор байлық» акциясын ұйымдастырғаны үшін ұжым басшысы мен ұжым мүшелеріне алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Біз де жас ұрпақтың санасына «дені саудың-жаны сау» екендігін ұғындыра бермекпіз.