030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Мектепке оқулықпен !» акциясы өткізілді

Автор: кітапхана меңгерушісі Турлебиева А.Қ. on . Posted in Тәрбие жұмысы

2015 жылы тамыз  айының  21-і  күні  мектебімізде  «Мектепке  оқулықпен» республикалық  акциясы өткізілді.  Бұл акцияның мақсаты – оқу жылы қарсаныңда әр оқушыны  оқулықтармен қамтамасыз  ету  шараларының бірі.

 

 

Акция барысында  жаңа  оқу  жылының алдында әр  оқушы  қажетті оқулықтармен  қамтылды.  Аталған  акция  аясында  мектебіміздің  аз қамтылған  23 оқушысына толықтай қажетті оқулықтар берілді, сонымен қатар мектеп оқушыларына Ақтөбе қалалық  білім  бөлімі тарапынан   2015 жылы  шығарылған  4-6, 11 класс оқулықтары   мен  өзін-өзі тану оқулықтары таратылды.

Акцияның аяқталу кезеңінде әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың сыйлыққа дайындаған «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабы 1 қыркүйекте бірінші сабақта ұсынылды. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету және оқулықпен байланысты мәселелерді уақытымен шешуде мұндай іс – шаралардың үлесі мол.

Prev Next