030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Мен, сен, ол, бәріміз – тұтас елдің сәніміз!»

Автор: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахмет Қолқанат Тұрымжанұлы. Posted in Тәрбие жұмысы

images1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай №45 орта мектепте «Мен, сен, ол, бәріміз – тұтас елдің сәніміз!» атты волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Бұл мектепішілік жарыска 9, 10, 11 класс окушыларынан командалар қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында эстетика бірлестігінің жетекшісі Н.Ә.Рабаев сөз сөйледі. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінің казіргі таңда аталып өтілуінің маңызды екендігін оқушыларға жеткізе отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында оқушылар өте қызықты жане тартысты ойын көрсетті. Жанкүйерлер еліктірер, қызықты сайыстың куәгерлері болды. Сайыс нәтижесінде І орынды 11 класс құрама командасы жеңіп алды. ІІ орынды 10 класс құрама командасы иеленсе, ІІІ орынға 9 класс оқушылары ие болды. Жарыста алдарына жан салмай, шебер ойынымен көрінген Сабыр Нұрдаулет, Есенгулов Арысулан, Елдесова Арайым, Қуанышева Айкүміс (11кл), Абдіжамилов Аманғос, Шамшадинова Айбану, Уразғалиева Меруерт (10кл), Аленов Алмат, Қуаныш Мақсат, Қалдыбай Аружан (9кл) үздік ойыншылар деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп грамоталарымен, үздік ойыншылар мақтау қағазымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырылып отырған іс-шара жас спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен әсерін тигізді.