030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мектебімізде «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті

Автор: Бисембиева Жайна Сембаевна on . Posted in Тәрбие жұмысы

imagesҰлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай патриоттық әндерді насихаттау мақсатында мамыр айының 5-і күні №45 орта мектепте «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті. Аталмыш жобаға өз қабілеттерін байқап көре алатын шығармашыл ұстаз бен дарынды шәкірттер және ата-аналарымыздың арасынан 7 жұп өз өнерлерін көрсетті. Музыка өнерінің барлық қыр-сырын меңгерген мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Джалмағамбетова Дәмегүл Тайшыққызы және №1 балалар музыка мектебінің оқу ісі меңгерушісі Алданазарова Дәметкен Нұрғалиқызы, сонымен қатар белсенді ата-анамыз Жамалов Сағынтай Сисенұлы қатысқан 7 жұпқа ән орындау шеберлігіне, сахна мәдениетін меңгеру, орындаушылардың сырт келбетінің критерийлері бойынша әділ бағасын берер әділ қазы алқасы төрелік етті.

Информатика пәні мұғалімі Гүлмаржан Дүйсенқызы мен 5 «А» кластың мақтанышы Бади Айберген «Сәлем саған туған ел» әнімен ән байқауды ашты. 4 «Ә» класс оқушысы Сатымиров Арлан мен әжесі Сатымирова Балкүміс «День Победы», аға тәлімгер Айгерім Ерболқызы мен 7 «А» класс оқушысы Төлегенова Альбина «Туған жер» әнімен көрерменнің патриоттық сезімін оятса, тарих және география пәні мұғалімі Жанна Райымбекқызы 8 класс оқушысы Қасымбек Назеркемен орындаған «Жан жылуы» әні көрерменнің көңілін бір босатты. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақгүл Мұратбайқызы да 7 «Ә» класс оқушысы Сақтаған Жалғаспен өнер көрсетті. 6 «А» класс оқушысы Серікова Жаннат пен Гүлмаржан Дүйсенқызы «Сарбаздар» әнін өте жоғары деңгейде орындап шықты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанқызы Нұрбану өзі жетекшілік ететін 5 «А» класс оқушысы Ахметқалиева Аружанмен «Атамекен» әнімен патриоттық ән байқауын аяқтады.

imagesНәтижесінде, әділ қазылар «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауының бас жүлдесіне лайық деп Серікова Жаннат пен информатика пәні мұғалімі Гүлмаржан Дүйсенқызы деп шешіп, мақтау қағазымен марапаттады. І орынды қазақи қалыпты бойына сіңірген Оспанқызы Нұрбану мен Ахметқалиева Аружан және Жанна Райымбекқызы мен Қасымбек Назерке қанжығаларына байласа, ІІ орынды Дәулетбаева Гүлмаржан мен Бади Айберген және Сатымиров Арлан мен әжесі Сатымирова Балкүміс бөлісті. Қалған екі жұбымыз Әйгерім Ерболқызы мен Төлегенова Альбина, Ақгүл Мұратбайқызы мен Сақтаған Жалғас ІІІ орынға ие болды.

№ 45 орта мектептің жұлдыздары жарқырап жана берсін!