030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ескерткіштер күні

Автор: «Гүлдәурен» мектеп жанындағы лагерь жетекшісі: А.Ермухамбетова. Posted in Тәрбие жұмысы

images «Гүлдәурен» мектеп жанындағы лагерь демалушылары 6 маусым күнін қаланың ескі ауданында орналасқан ескерткіштермен танысуға арнады. Бұл атаулы күн «Ескерткіштер-ел байлығы» деп аталды. Мақсаты: мәдени мұраларды, көнеден келе жатқан құндылықтарды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру, отансүйгіштік сезімін ояту. Балаларға кез-келген ескерткіш - кешегі күннің жаршысы. Сондықтан оларды білу міндет екенін ұғындыру.

Жоспарланған бағыт: «№45 орта мектеп» (Ақжар-2, уч№451 «А») --» Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұловаға орнатылған ескерткіш (Шернияз көшесі) --» Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіші (Т.Ахтанов көшесі ) --» Әйтеке би ескеркіші (Т.Ахтанов көшесі 50)--» Ақтөбе уездік жұмысшы- шаруа депутаттары Кеңесінің бірінші төрағасы В.Ф. Зинченконың ескерткіш-мүсіні (Т. Ахтанов көшесі, 52) --» «№45 орта мектеп» (Ақжар-2, уч№451 «А»).