030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«1 сәуір – күлкі күніне орай «Әзілің жарасса...» атты «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойыны өтті»

Автор: Ұйымдастырушы педагог Бисембиева Ж.С. Posted in Тәрбие жұмысы

images1 сәуір – Күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Ежелгі Рим күлкі күнінің шығуына себеп болды. 18 ғасырда күлкі күні кеңінен танылып, ауқымды әзілге толы шараға айналды. Күлкі күнінде міндетті түрде өзгелермен әзілдесіп, барлығын алдау керек. Еуропадан бастау алған бұл шара уақыт өте келе әлемнің басқа да мемлекеттеріне кеңінен таралды.

1 сәуір күні әзілге толы іс-әрекеттер мен ойындарға жол беру керек. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дегендей, бізде мектебімізде осы мерекеге арналған «Әзілің жарасса...» атты «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойыны өтті. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шыңдау, талапты да талантты оқушыларды іздеп табу, олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған ойынға 7-10 кластар арасынан 3 команда бақ сынасты.

Үш кезеңнен тұрған сайысқа талапты да талантты жастарымыз аса жауапкершілікпен дайындалып, үлкен сахнада өздерін жаңа қырынан көрсетті. Нәтижесінде 8 класс оқушыларының намысын қорғаған «Жас Ұландармыз» атты команда сауатты, өзекті мәселелерді қозғап, ұтымды да мағыналы әзілдерімен І орынды иеленсе, ІІ орынды «Жайдарман» ойындарында үнемі көрермен көңілінен шығып, көрермен көзайымына айналған 9 класс оқушыларынан құралған «Біздің жігіттер» командасы иеленді. Жаста болса үлкендермен қатарласып ойын көрсеткен 7 класс оқушыларынан құралған «Жастар» квн командасы ІІІ орынды иеленіп, әділ-қазы алқаларының жылы лебіздеріне ие болды.

Елдің болашағы жастардың қолында. Болашақта көп үміт күттіретін осындай жастарымыз көбейе берсін. Жеңістеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!