030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ»

Автор: Ертуғанқызы Аяжан №45 орта мектептің 10 класс оқушысы on . Posted in Тәрбие жұмысы

imagesТабиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты қызықты шақтарға толы. Сол қызықты шақтардың бірі мұз айдынында сырғанақ тебу. Сырғанақ тебудің денсаулыққа пайдасы мол. Біріншіден, сырғанақ тебу бұлшық еттерді созып, жаттықтырады. imagesДененің иілгіштігі жоғарылайды, калориялар жойылып, дененің жалпы көрінісі өзгереді. Бізде денемізді шынықтыру үшін осы мезгілдің суығына қарамай класымызбен Ақтөбе қаласындағы «Гранд» мұз айдынына сырғанақ тебуге бардық. Сырғанақ тебу барлығымызға өте қатты ұнады. Барлығымыз көтеріңкі көңіл күйде болдық, тоңғанымызды сезбедік. Сырғанақ тебу кезінде өз арамызда түрлі жарыстар ұйымдастырдық. Сырғанақ тебудің қызығына батқанымыз соншалық, уақыттың қалай өткенін байқамай да қалдық. Үйімізге жақсы көңіл күймен оралдық.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған серуен үшін класс жетекшіміз Ақниет Бақытқызына кластастарымның атынан рахметімді айтқым келеді.