030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Әлия-батыр қызы, сен, халқымның»

Автор: Аружан Құрмантаева № 45 орта мектептің 10 класс оқушысы. Posted in Тәрбие жұмысы

imagesБиыл Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 70 жыл толатыны бәрімізге мәлім. Ұлы Отан соғысында біздің жерлестеріміз ерлікпен шайқасқан. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

Соғысқа аттанғандардың арасында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Соның ішінде Ә.Молдағұлованың ерлігін айтуға болады. Бүгінде Әлия Молдағұлова есімімен аталатын теплоход, мектептер, бригадалар көптеп саналады. Москвада, Ленинградта, Новосокольники қалаларында Әлия Молдағұлова атындағы мұражайлар, көшелер бар. Сондай мұражайдың бірі Ақтөбе қаласында орналасқан.

imagesАқтөбе қаласындағы Ә. Молдағұлова мұражайына класс жетекшіміз Ауханова Ақниет апаймен бірге біз де, яғни 10-класс оқушылары бардық. Бұл мұражайдың ашылғанына осы жылы 30 жыл толады екен. Мұражай ішінде біз Әлия Молдағұлованың өмірімен толықтай танысып, көптеген мағлұматтар жинадық. Мұражайда жерлесіміз Алия батырдың оқушы кезінде таққан галстугінен, соғыс кезінде қолданған дәкесіне дейін бар екенін көріп қайттық.

Әлия Молдағұлова(шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 15 маусымда Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туғанын, соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болғанын, майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіргенін мұражай қызметкері бізге баяндады. Біз – мұражайдан жақсы әсер алдық. Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде талас – тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.

Әлия - өмір ерліктерден құралған,
Тарих үшін қас - қағым сәт мұңалған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған.

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.