030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

ҚАЛАЛЫҚ «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ - 2014»

Автор: № 45 орта мектеп аға тәлімгері А.Е. Тубирова. Posted in Тәрбие жұмысы

images19 қараша күні Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қалалық оқушылар Сарайында айтулы үлкен шара өтті. Сондай – ақ дәл осы күнгі сәт мектебіміздің 2 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келді.

19 қараша – жақсылықтың белгісі іспеттес, құпия сырға толы қоңыр күзде ұзақ күткен «Күз ханшайымы – 2014» байқауының жүлдегерін анықтайтын күн еді.

Осы жаңа оқу жылының басында мектебімізде «Күз ханшайымы және ханзадасы» байқауы өткізіліп, ішінен ең - ең деген аруымыз – 10 «А» класс оқушысы Сапарғали Сара Мерғалиқызы қалалық сайысқа жолдама алған болатын. Ақылына көркі сай сұлуымыз – Сара, мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі. Ол – осы ханшайымдар байқауына үлкен ынтамен дайындалып, қатысты.

imagesimages«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей бұл сайысқа қаламыздағы мектептерден 19 қыз бала өтініш берген екен. Сара қызымыздың қарсыластары осал емес еді.... Дегенмен Сараның дайындығы жоғары дәрежеде болып, бес турдан тұратын, «Подиум - 2014», «Күз бейнесі» видео ролик, «Таң қалдыра біліңіз», «Күзгі дәм», «Күзгі стиль» сынды кезеңдерден мүлтіксіз өтіп, өзін жоғары дәрежеде көрсете алды.

Әділ баға берген қазылар алқасының шешімімен аруымыз – Сапарғали Сара жүлделі І орынды қанжығасына байлады... Осындай күні тамаша жүлдемен білім ордамыз - №45 орта мектептің екі жылдық мерейтойына үлкен сыйлық жасадық деп ойлаймын.

Оқушымыз – Сапарғали Сара Мерғалиқызын осы жеңісімен мектеп атынан құттықтай отырып, үлкен биіктерден көріне беруіне тілектеспіз дегім келеді...

Жарайсың Сара!!!!