Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат
«Гүлдәурен» мектеп жанындағы лагерьдің 1-маусым демалушыларына арналған жоспарға сәйкес Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне бүгін, 2014 жылдың 9 маусым күні барып келді.
Демалушылар мұражайдың табиғат, археологиялық, архитуралық және этнографиялық бөлім қорында сақталған экспонаттарды тамашалады. Мұнда өлкенің пайдалы қазба кендері, жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, археологиялық қазба кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары, қыштан жасалған бұйымдар, қазақ-қалмақ соғыстары туралы құнды мәліметтер, сол кездегі қару-жарақ үлгілері этногриялық материалдар қойылған. Өлкеміздің өткен тарихы мен бүгінгі жетістіктерінің куәсі болып отырған бұл мұралар талай ұрпақтың кәдесіне жарап, келешек ұрпаққа да солай қызмет етері сөзсіз.