030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

10 КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ 3 КҮНГЕ САРБАЗ АТАНДЫ

Автор: ЕРМУХАМБЕТОВА АРУГУЛЬ ЖАНАЕВНА. Posted in Тәрбие жұмысы

images2014 жылдың 13-16 мамыр аралығында «Достық» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес 10 класс оқушыларының ер балаларымен оқу-далалық жиыны және мектепте 10 класс қыз балаларымен «Медициналық білім негіздері» тәжірибелік сабақтары ұйымдастырылды.

Мектебіміздің 10 кластың 26 оқушысынан оқу-далалық жиынға 7 ер бала салтанатты маршпен аттандырылып, денсаулығына байланысты оқу-далалық жиыннан босатылған 1 ер бала мен 18 қыз қыз бала үшін мектептің медбикесі К.А.Сейітова медициналық-даярлық сабақтарынан дәріс өткізді.

Жасөспірімдерді отансүйгіштікке баулып, әскери қызметке дайындайтын бұл шараға мектеп директоры А.А.Тажимишев: «Сіздер бүгін сап түзеген оқушылар-болашақ Отан қорғаушыларысыздар. Сіздер 3 күн ішінде жас қорғаушының бірінші шарттарынан өтіп, әскери қызметтің әліппесімен танысасыздар. Алдағы уақытта отанқорғаушылар сапында болып, еліміздің патриоты болатындығыңызға сенімдімін»-деп шығарып салды.

imagesОқу-дала жиыны кезінде оқушылар екі мезгіл тамақтанып, әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, жаттығып, саптық дайындық, әскери қару-жарақтарды жинақтау, нысанаға көздеп ату, спорттық сынамалардан өтіп тәжірибе алмасты.

Оқушылардың киген киімдерінен-ақ дайындықтарыңың аса жоғары екендігі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Дженисов пен ата-аналардың асқан жауапкершілікпен қарағандары байқалды. =2014 жылың 16 мамырдағы оқу-дала жиынының жабылу салтанатында №45 орта мектеп тобы Ақтөбе қаласы білім бөлімінің грамоталарымен үздік саптық өлеңі үшін ІІ дәрежелі мақтау қағазымен, үздік инженерлік тосқауылдар алаңын дайындағаны үшін ІІ дәрежелі мақтау қағазымен, үздік взвод командирінің көмекшісі Н.Ниталин марапатталды.