030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мереке күні іргетасы қаланған субұрқақ

Автор: № 45 орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы Сундетов К. Posted in Тәрбие жұмысы

images15 мамыр - Халықаралық отбасы күні Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» тұрғындар алабындағы № 45 орта мектептің ауласында субұрқақтың (фонтан) іргетасы қаланды. Мұндай игі бастаманың осындай мерекелі күнге түспа түс келуі жақсылықтың нышаны деуге болады. Субұрқақ құрылысын бастаудың басты мақсаты - № 45 орта мектепте бой көтеретін кіші саябақтың сәнін келтіру және оқушылардың жазғы демалысына ерекше әсер беру.

Субұрқақ құрылысының демеушілері әрі қолдаушылары ата-аналар және ата-аналар комитеті болса, іске асырушылары мектеп әкімшілігі мен мектептің жігіттер қауымдастығы. Осы орайда біз аталған мектептің технология пәні мұғалімі Нысанов Нұрболатпен сұхбаттасып, пікірін тындадық:

  • № 45 орта мектеп әзірге «Ақжар-2» тұрғындар алабындағы әлеуметтік-мәдени маңызы бар жалғыз мекеме десе болады. Сондықтан да болар, осындағы үлкендер мен кішілер мектеп ауласының аумағына серуендеуге және белсенді тынығуға жиі келеді. Мен, осы мектептің мұғалімі және ата-анасы ретінде өз оқушыларым мен балаларымның бос уақыттарын әсем саябақта өткізгенін қалаймын. Соған байланысты бұл игі бастамаға білегімді сыбанып, белсенді ат салысудамын. Бұйырса, 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне субұрқақты іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сұхбатымызға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымов Жандос та өз пікірін қосып, ой бөлісті:

  • Біз мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымдастығы болып мектеп ауласын абаттандырып және когалдандырып келеміз. Қазіргі таңда 65 түп терек, 35 түп қарағай ағаштарын, 100-ден астам таңқұрай бұталарын мектеп ауласына отырғыздық. Жақын арада мектеп ауласында 1000-нан астам гүл шоқтары егіледі және оқушылардың жазғы еңбек іс-тәжірибе үлескісінде көкөністер мен жеміс-жидектер де бой көтеретін болады.

Сұхбат барысында № 45 орта мектеп басшылығы алдағы уақытта мектептің аумағын кішігірім саябақ пен оқушылардың іс-тәжірибелік үлескі аумағына айналдыру және спорттық белсенді тынығу аймағы ретінде көркейту жоспарлап отырғандығы мәлім болды.

Бастамаларыңыз сәтті болсын.