030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Қазақстан-бірлік пен достық мекені

Автор: Ермухамбетова Аругул. Posted in Тәрбие жұмысы

imagesimagesАқтөбе қаласы № 45 орта мектепте 1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мерекелік шара өтті. Қазақ елін мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Қазақстан-бірлік пен достық мекені» тақырыбында салттанатты шеру ұйымдастырылды. Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскелеген, өздігінен ешкімге тиіспеген, тарих көшінің белгілі бір кезеңдерінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттық құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға барлық класс әрбір ұлттың киімін киіп, мереке сәнін келтірді.

Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін сөз алған мектеп директоры А.А.Тажимишев: «Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы» - екенін айтып Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

Шеру соңы әр ұлт өкілдерінің ән, биіне ұласты. Мерекелік шараны елді мекеннің тұрғындары да көріп, қызықтады.