030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Үздік класс жетекші-2014» байқауы

Автор: Данайбекова Ақдидар бастауыш класс мұғалімі. Posted in Тәрбие жұмысы

images2014 жылы 25-31 қаңтар аралығында мектеп қабырғасында «Үздік класс жетекші-2014» байқауы өткізлді. Екі кезеңнен тұратын байқауға мектебіміздің барлық класс жетекшілері белсене қатысты.

Бірінші кезеңде «Класс жетекшінің портфолиосы» және «Класс жетекші күнделігінен» тәрбие жұмысы саласындағы класпен жұмысын видео ролик түрінде көрсетуі қаралды. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен бес класс жетекші А.Искендирова, А.Ильясова, Н.Оспанқызы, А.Салдырова және Г.Сағиева жоғарғы ұпаймен 2-ші кезеңге өтті.

Екінші кезең сынағы екі бөлімнен тұрды. «Класс жетекшінің жетістігінің бейнесі» бөлімінде класс жетекшілердің шығармашылық шеберлікпен өзін-өзі танытуы сараланды. Ал «Класс жетекшіден тосын сый» бөлімінде қатысушыларымыз аудиториямен тренинг, ойын жаттығулары және сергіту сәттерін жүргізді.

Екінші кезеңде ұстаздардың белсенділігі, шығармашылық шеберханасы, аудиториямен жұмыс жүргізуі басты назарда болды. Мектепішілік байқау нәтижесінде класс жетекшілер мектеп әкімшілігі тарапынан дипломдармен және кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтармен марапатталды. «Үздік класс жетекші-2014» байқауының жеңімпазы атанған 5 «б» класс жетекшісі А.Ильясова «Үздік класс жетекші-2014» қалалық байқауына жолдама алды.

«Талпынған жетер мұратқа» демекші Ильясова Айнаш Суихановнаға қалалық «Үздік класс жетекші-2014» байқауында сәттілік тілейміз.