030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры

Автор: Ермаханова А.Ә. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі on . Posted in Жетістіктер

      ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін- білім» деген екен. Олай болса, ұлттық төл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі дамыған ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаз еңбегінің қаншалықты болу керектігі де белгілі.

        Әлемдік білім кеңістігін еркін ашып кіретін ұрпақтарымыздың білім деңгейін саралайтын сәттердің  бірі- пәндік олимпиадалар. 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың  мектепішілік кезеңіне 52 оқушы қатысып,  жүлделі І орынды иемденген 11 оқушы қалалық кезеңіне  жолдама алып, өз білімдерін сынға салды. Олар:

 

Оқушның аты-жөні

пәні

Класы

жетекшісі

1

Тоғаева Дана

Қазақ тілі мен әдебиеті

8 А

Ермаханова Айткүл Әбдіқалыққызы

2

Мыңбаева Аружан

Қазақ тілі мен әдебиеті

9

Ермаханова Айткүл Әбдіқалыққызы

3

Нияз Әсем

Орыс тілі мен әдебиеті

8 Ә

Табулдинова Акгуль Муратбаевна

4

Ақбисенова Арайлым 

Орыс тілі мен әдебиеті

9

Нурмаганбетова Шарипа Тынашевна

5

Мажитова Аяжан

Қазақстан тарихы

9

Джолдасбаева Динара Мурзатаевна

6

Ибрагимова  Мадина

Қазақстан тарихы

8 А

Байсеитова Гульнар Жаппаровна

7

Сабыргерев Темірлан

Биология

8 Ә

Тажимишев Абзал Амантаевич

8

Бадиева Индира

Биология

9

Каменова Шолпан Амангельдиевна

9

Сапар Диас

География

8 Ә

Данешова Жанна Райымбековна

10

Маратов Әлкей

Математика

8 Ә

Ауханова Акниет Бакытовна

11

Арыстанбаева Арайлым

Информатика

9

Нуржанова Индира Исмагуловна

 

Аталған білім бәсекесінен жүлдемен оралған оқушыларымыз Мыңбаева А, Мажитова А, Бадиева И, Акбисенова А, Арыстанбаева А білімдерін шыңдай түсіп, 5-6 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың  ІІ облыстық кезеңіне қатынасты. Облыс көлемінен жиналған білімді замандастарымен  бақ сынасқан 2 оқушы Мыңбаева Аружан қазақ тілі мен әдебиетінен 3-дәрежелі дипломды иемденсе, Мажитова Аяжан Қазақстан тарихы пәнінен 1- дәрежелі дипломды иемденді. Сонымен қатар  биология пәні бойынша Бадиева Индира мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақбисенова Арайлым мақтау қағаздарымен марапатталды. Мажитова Аяжан республикалық олимпиадаға жолдама алып, облыс намысын қорғамақ. Шәкірттерімізге әрқашан білім шыңынан көрініңіздер дейміз.