030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Сократ олимпиадасында оқушыларымыз жетістікке жетті

Автор: Математика пәнінің мұғалімі К.А.Нургалиева on . Posted in Жетістіктер

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының 2015-2016 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2016  жылдың  17 ақпанында қалалық мектептердің 5-6 класс оқушылары арасында «Сократ» математикалық олимпиадасы өтті. Мақсаты:  дарынды балаларды анықтау және қолдау, және оқушылардың математикалық-логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Қала мектептерінен барлығы 171 оқушы қатысты. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Жүлделі орын алған оқушылар облыстық олимпиадаға жолдама алды, ал 25 оқушыға ынталандыру негізінде мақтау қағаздары табысталды. Соның ішінде № 45, № 1, № 2, № 9, № 12, № 13,№ 17, № 20,  № 21, № 27, № 31, № 33, №39, №57 және Қарғалы орта мектептерінің оқушылары жоғары  көрсеткіш көрсете білді.

Бұл олимпиадаға біздің №45 орта мектебімізден  6 класс оқушысы Нұрпейс Аяулым мен  5 класс оқушысы Ықыласов Орынбасар қатысты.          6 класс оқушылары арасынан  топ жарып шыққан Нұрпейс Аяулым үмітімізді ақтап, олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі III орынға ие болып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Смайлова Айгүл Урпатбековна.

Сократ олимпиадасында 3-4 ұпаймен бағаланған төрт логикалық тапсырма берілді. Аяулым қызымыз сол тапсырмаларды қатесіз орындап жоғары ұпай жинап, өзінің оқу озаты екендігін көрсете білді.

Оқушылар  көбейсін арамызда,

Бағындырар  білімнің сан белесін.

Түрліше жарыстар мен байқауларда

 

Көтерер мектебімнің мәртебесін!!!