030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мектебіміздің кішкентай ғалымдары конференцияға қатысты

Автор: География пәні мұғалімі Нұржігітова А.Д. on . Posted in Жетістіктер

Наурыз айының 13-14 жұлдызында Облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция М.Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің №2 ғимаратында өтті. Жоғары деңгейде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыс мектептерінен 800-дей  оқушы өз білімдерін көрсетті, ғылым саласында алғашқы қадамдарымен, зерттеушілік тәжірибелерімен бөлісті.

12 бағыттан тұратын Кіші ғылым Академиясы Батыс Қазақстан бөлімінің 20-шы Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына №45 орта мектеп атынан 4 оқушы қатыстырылды.

                                           

 

     Математика, информатика бөлімі бойынша, математика пәні мұғалімі Ауханова Ақниет Бақытқызының жетекшілік етуімен  8 «ә» класс оқушысыМаратов Әлкей «Логикалық есептер» тақырыбы бойынша қатысып мақтау қағазына ие болды. Тарих бөлімі бойынша, құқық пәні мұғалімі Кудайбергенов Дабылбек Ниязбековичтің жетекшілігімен  9 класс оқушысы Мажитова Аяжан «Әзберген Мұңайтпасұлы – туған  өлкеміздің азаттығы үшін күресуші тұлға» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын ұсынып, жүлделі II орынды иеленді. Өлкетану, география бөлімі бойынша, география пәні мұғалімі Нұржігітова Ақлен Доғдырбайқызының жетекшілігімен  7 «а» класс оқушысы Жамбылбаев Азамат «Жүгері энергиясы – жасыл экономиканың қайнар көзі» тақырыбында өз жұмысын  қорғап, қатысқаны үшін сертификатталды. Ағылшын тілі бөлімі бойынша, ағылшын тілі пәні мұғалімі Табанова Мөлдир Ерболатовнаның жетекшілігімен  8 «ә» класс оқушысы Сабаргереев Темирлан  «Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау. Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын қорғап,  жүлделі III орынға ие болды. 

               Оқушыларымыздың алдағы уақытта әлі талай білім мен ғылым белестерін бағындыратынына сенімім мол.