030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

БҮГІНГІ ДАРЫН ИЕСІ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Автор: қосымша білім беру педагогы Тлеулина Айгерім Арыстанбайқызы. Posted in Жетістіктер

imagesМектепте білім мазмұнын жақсартудың алғашқы міндеті – дарынды оқушы таба білу. Оның бойындағы ерекше қасиеті мен қабілетін анықтап, дамыту. Осының негізінде дарынды оқушылардың болашағына бағыт-бағдар беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру.

imagesСонымен қатар, Қазақстанда өркениетке жеткізер жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей №45 орта мектеп ұстаздары дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізіп, нәтижесін беруде.

2014-2015 оқу жылында республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңіне мұғалімдеріміз өз оқушыларын қатыстырып бағын сынады. «Тарих-этномәдениет» бағытына 5 «Ә» класс оқушылары Амиров Қалбек пен Нұрпейіс Аяулым «Абай шығармаларындағы тәрбие мәселесі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын қорғап II орын иегері атанды. Жетекшісі №45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі – Тлеулина Айгерім Арыстанбайқызы. Бастауыш кластар бойынша «Өлкетану» бағытында 3 «А» класс оқушысы Тынабаев Әділбек «Төрт түліктің пірі - түйе» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап қала мектептерінің арасында I орынға иеленді. Жетекшісі – Бегешова Базаргүл Орысбайқызы.

imagesimagesӨз істерінің жемісін көрген шығармашыл ұстаздар әрі қарай жас зерттеушілерді республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңіне қатыстырып, тағы бір жеңістің биік белесіне жетті. «Тарих-өлкетану» бағытында 5 «Ә» класс оқушылары Амиров Қалыбек пен Нұрпейіс Аяулым III орын иегері атанды. Жетекшісі – Тлеулина Айгерім Арыстанбайқызы. «Өлкетану» бағытында 3 «А» класс оқушысы Тынабаев Әділбек III орын иегері атанып, мектебіміздің мерейін көтерді. Жетекшісі - Бегешова Базаргүл Орысбайқызы.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін өз бойындағы асыл қасиеттерін өз шәкіртіне сіңіріп, тер төгеді. Ләйім осындай шығармашыл ұстаздарымыз бен дарынды оқушыларымыз көп болғай...