030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Жүлделі орын алған мақтаныштарымыз

Автор: Ермуханбетова Аругул. Posted in Жетістіктер

imagesАқтөбе қаласы №45 орта мектепте Ұлы Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Ұлы Наурыздан ақ бата алып, жақсы ырымға балаған мектеп оқушылары 9 «а» класс оқушысы Қосаев Бексұлтан Сағадатұлы және 1 «б» класс оқушысы Абдыраманова Ақмерей Алтынбекқызы Алматы қаласында 24-28 наурыз аралығында өтілетін ән байқауына аттанды.

Алматыдағы «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі әннен және жеке аспаптан орындаушылардың ҮІ Республикалық ән-би байқауында бақтарын сынаған қос мақтанышымыз Алматы сахнасында мектебіміздің мерейін асқақтатты.

Олай дейтініміз, біздің үміткерлеріміз әділқазы алқасында болған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткер, композитор аға-апаларымыздың жоғары бағалауларына ие болды.

Байқаудың «Ән жанры» бойынша І орынды Қосаев Бексұлтан иеленсе, өз жасында ІІ орынды Абдыраманова Ақмерей иеленді. Осы тұста жетекшілік етіп барған № 45 мектеп мұғалімі Жұмағазина Балагүл Қанатқызына толағай табыстармен оралатын шәкірттерің көп болғай деп, шығармашылығына шалқар шабыт тіледік.