030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Нұртамшы

Posted in Жетістіктер

Ұстаз ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе,

      Шәкірт шәкірт емес өз ұстазын сүймесе.

 

- деп заманының заңғар жазушысы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, білімді ұрпақ болашақ елінің тірегі. Өз білімін, ұлы тұтқан ұстаздан тәлім алып, әр ұстаз білім нәрін әрбір шәкіртке сусындатып мектебінің мақтанышы болары анық. Осындай білімді, тәрбиелі, өнерлі шәкірттерімізге арнап «№45 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Озаттар шеруіне» және «Нұр тамшы-2016» салтанатты түрде кеш өтті. Биылғы оқу жылында мектебімізде өздерінің білімдерімен дара түскен  121 озат  оқушыларымыз мақтау қағазымен  марапатталды. Осындай білімді оқушыларымыз көп болып, білім шыңына көтеріле берсін!

Басып шығару

Мектебіміздің кішкентай ғалымдары конференцияға қатысты

Posted in Жетістіктер

Наурыз айының 13-14 жұлдызында Облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция М.Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің №2 ғимаратында өтті. Жоғары деңгейде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыс мектептерінен 800-дей  оқушы өз білімдерін көрсетті, ғылым саласында алғашқы қадамдарымен, зерттеушілік тәжірибелерімен бөлісті.

12 бағыттан тұратын Кіші ғылым Академиясы Батыс Қазақстан бөлімінің 20-шы Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына №45 орта мектеп атынан 4 оқушы қатыстырылды.

                                           

Басып шығару

Сократ олимпиадасында оқушыларымыз жетістікке жетті

Posted in Жетістіктер

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының 2015-2016 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2016  жылдың  17 ақпанында қалалық мектептердің 5-6 класс оқушылары арасында «Сократ» математикалық олимпиадасы өтті. Мақсаты:  дарынды балаларды анықтау және қолдау, және оқушылардың математикалық-логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Басып шығару

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры

Posted in Жетістіктер

      ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін- білім» деген екен. Олай болса, ұлттық төл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі дамыған ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаз еңбегінің қаншалықты болу керектігі де белгілі.

        Әлемдік білім кеңістігін еркін ашып кіретін ұрпақтарымыздың білім деңгейін саралайтын сәттердің  бірі- пәндік олимпиадалар. 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың  мектепішілік кезеңіне 52 оқушы қатысып,  жүлделі І орынды иемденген 11 оқушы қалалық кезеңіне  жолдама алып, өз білімдерін сынға салды. Олар:

Басып шығару

Жеңістің мініп тұлпарын...

Posted in Жетістіктер

Болашақ - бүгінгі ұрпақтың қолында десек, бүгінгі ұрпақтың - саналы, білімді, алғыр, талапты болмауына еш себеп жоқ. Сондықтан да бүгінгі білім айдынында жүзіп жүрген оқушыларымыз да өз білімдерін, өз ізденістерін дәлелдеп, мектеп абыройын асқақтатып жатса, нұр үстіне нұр, еткен еңбегіңнің еш кетпегені деп білеміз.

Осындай білім сайысына біздің мектептің 9-класс оқушылары Тоқтарбаев Данияр, Аленов Алмат, Михетова Диана, Рахимжан Жасминдер 2014 жылдың 19 желтоқсанында қалалық Жас туристер стансасының ұйымдастыруымен өткен, тәуелсіздік мерекесіне арналған "Гүлдене бер, Қазақстан!" байқауына қатысып, бақ сынап, 20 мектептің ішінде топ жарып, І орынды қанжығаға байлады.