030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Талаптыға нұр жауар!!!

Автор: Сағиева Гүлмира Исенбайқызы. Posted in Дарынды бала

imagesХалқымыз «Талаптыға нұр жауар» деп бекер айтпаса керек. Соның бір дәлелін № 45 орта мектептің 3 «б»класс оқушысы Мейрамбекқызы Самал көрсете білді.

Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 19-24 желтоқсан аралығында өткен бастапқы техникалық үлгілерді модельдеуден қала мектептерінің 3, 4 класс оқушылары арасында «Аяз ата шеберханасы» атты қалалық байқауға қатысып бақ сынады. Байқаудың мақсаты: тұлғаның шығармашылық қабілетін және эстетикалық талғамын дамыту; мерекелік көңіл – күй қалыптастыра білу және шырша ойыншығын дайындау бойынша шығармашылық процеске оқушыларды еліктіру болатын.

№ 45 орта мектеп командасы 3 орынмен марапатталды. Епті,шебер, өнерлі оқушым Мейрамбекқызы Самал «Көрме» номинациясында 3 орынды иеленді. Талабыңа нұр жаусын, Самал!!!