030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Тәуелсіздік-тірегім (Ойтолғау)

Автор: Асылжан Абденова, 5 «Б» класс оқушысы. Posted in Дарынды бала

abdenovaТәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Осы жолда қаншама қан, қаншама жас төгілді, өлшемін айту , тіпті мүмкін емес. Біз үшін, елі, халқы үшін қызымыз күң, ұлдарымыз құл болды. «Кеудемде жаным барда елімді, жерімді дұшпанға таптатпаймын» деп бостандық үшін шыбын жанын пида еткен боздақтарымыз қаншама!

Пида еттің жаныңды,
Азаттық үшін, ел үшін.
Ұмытпайды елің мәңгі
Бұл істеген ерлігің үшін!

Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. «Елім, жерім! » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмтылмақ емес. Міне, осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 22 жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз.

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың
Осы-менің арманым!-

деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жырлағандай, барлық қазақ елінің арманы тәуелсіз еліміздің қияға қанат қағып, биікке өрлеуі еді.

Бүгінде еліміз жыл санап көркею, гүлдену үстінде. Тәуелсіз еліміздің өз алдына белгілері-рәміздері, , ұлттық теңгесі, өз заңы бар. Бұл еліміздің елдігінің белгілері. Әрбір қазақ баласы ашық аспан астында, алаңсыз ойнап-күлуде. Себебі олар бейбіт күннің перзенттері. Осындай күндер елімізде мәңгі орын алса екен, еліміз аман, тыныштық заман болса екен деп тілейміз, біз- тәуелсіз елдің ұрпақтары!

Prev Next