030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ

Автор: спорт нұсқаушысы Бәймішев Ж.М. on . Posted in Дарынды бала

         Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыз, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті үнемі есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығы көрінеді.                               

         Кез келген мемлекет өз ұрпағының салауатты өмір салтын ұстанғанын құптайды. Егер мектепті мемлекет деп алар болсақ, онда оқушылардың спорттағы әрбір жетістігі – мектеп спортының дамуына қосқан үлесі. Мектебіміздегі спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген шәкірттеріміз де аз емес. Солардың бірі 6«Ә» класс оқушысы Рабаев Ақжол. Ақжолдың таэквон-додан  жеңістері де көп.Ол облыстық, республикалық жарыстарда оза шауып жүр. Ақжол Ресейде өткен халықаралық турнирде де жеңімпаз атанды.        

 

          Спорт әрқашанда өзара түсіністік пен достықтың куәсі және бейбітшілік елшісі болып келеді.  Мектебіміздің 5«Ә» оқушысы Мұратов Дәулет грек-рим күресінен облыстық жарыстардың жеңімпазы атанып, жақында Республикалық турнирде 3-орынды иеленді.                             Мектебіміздің аталған оқушылары республикалық, халықаралық жетістіктерімен қатар, мектепішілік спорттық жарыстарға да белсене қатысып, жеңімпаз атанып жүр.