030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ақиық ақын М.Мақатаевтың туылғанына 85 жыл

Автор: Әмиядинов А. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі on . Posted in Дарынды бала

     Оқушының бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мен шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың  5 ақпанында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Тұнық жырдың тұмары» атты кешті ұйымдастырды.

       Аталған әдеби кеште көркемсөз оқудан №45 орта мектептің 7 «А» класс оқушысы Жетпісбайқызы Әдемай ІІ орын алды. Сонымен, қатар ақиық ақынның туылғанына 85 жыл толуына байланысты «Геолог» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен көркемсөз мәнерлеп оқудан және өз сүйікті ақынының шығармаларынан көркемсөз оқудан 6 «Ә» класс оқушысы Нұрпейіс Аяулым алғыс хатпен  марапатталды.

             Бойына өнер тұнған №45 орта мектептің өнерлі, белсенді оқушылары көп болып, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!!!