030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Бозторғай – 2015» байқауының жеңімпазы

Автор: Дильмагамбетова Ләззат Бауыржанқызы музыка пәнінің мұғалімі. Posted in Дарынды бала

images22 қаңтар күні Ақтөбе қалалық оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен 5 – 10 класс оқушыларына арналған «Бозторғай - 2015» қалалық қазіргі заманғы эстрадалық әндер байқауы өтті.

imagesМақсаты: Оқушылардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, талапты балаларды қолдап, оларды насихаттау; музыка мәдениетін дамыту.

Бұл байқауға елуге тарта мектептің оқушылары қатысты. Солардың бірі Ақжар – 2 тұрғындар алабында № 45 орта мектептің 6 «А» класс оқушысы Сатиев Рахман.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. Байқаудың 1 кезеңінен бастап Рахман көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, 2 кезеңге жолдама алды.

Байқаудың 2 кезеңіде «Атамекен толғауы» әнін өз нақышына келтіре орындап, І орынды жеңіп алды. Бұл байқауға Рахман аса жауапкершілікпен дайындалып, өзінің әдемі дауысын, сахналық мәдениетін көрсете білді. Алдағы уақытта Рахманнан үлкен үміт күтеміз. «Өнерлі өрге жүзер» демекші, өнерің әркез үстем бола берсін, Рахман!

Prev Next