030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Алға Дәулет!

Автор: Сағиева Гүлмира Исенбайқызы, бастауыш класс мұғалімі. Posted in Дарынды бала

imagesАдам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлап, адам етіп тәрбиелеу. imagesБала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді? Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Сондай бір тәрбиелі отбасында дүниеге келіп, ата-ана мен мектеп тәрбиесін бір-бірімен ұштастыра отырып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген № 45 орта мектептің 4 «Ә» класс оқушысы Мұрат Дәулетті айтуға болады.

Дәулет класындағы үздік, үлгілі оқушылардың бірі. Әрдайым білсем, үйренсем деп алға ұмтылып отырады. Ағылшын пәнін әлі өтпесе де, өз қызығушылығының арқасында осы шет тілін де қосымша үйреніп жүр. imagesСонымен қатар, грек-рим күресінің үйірмесіне де қатысып, жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді.

imagesКеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 25 жыл толуы аясында өткізілген «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Б. Е. Ертаевтың құрметіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнирде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды, одан кейін осы күрес түрінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2002-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қарғалы және №45 ОМ біріншілігінде 32 кг салмақ бойынша ІІ орынға ие болса, 2015 жылдың 1-ақпанында 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қарғалы біріншілігінде 33 кг салмақ бойынша ІІІ жүлделі орынды иемденді.

«Талпынған жетер мұратқа» демекші, сенің әлі талай биіктерді бағындыратыныңа сенеміз, Дәулет!