030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Автор: № 45 орта мектептің әлеуметтік педагогы А.Ермухамбетова. Posted in Дарынды бала

images2014 жылы наурыздың 4 жұлдызында сағат 11:00-де №1 балалар музыка мектебінің концерт залында «Жұлдызай–2014» мүгедек-балалар шығармашылығының республикалық фестиваліне қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Фестивальдің мақсаты – шығармашыл балаларды анықтап, талаптарын шыңдауға қолдау көрсету, қоғамда бейімделуіне қолғабыс ету, мүгедек балалардың проблемаларына қоғамның назарын аударту болып табылады.

Фестивальдің конкурстық бағдарламалары «Хореография», «Вокалдық орындау», «Инструменталдық орындау», «Бейнелеу өнері», «Шахмат», «Әдеби шығармашылық», «Ерекше жанр» номинацияларынан тұрды. 

Аталмыш фестиваль жыл сайын жаңа есімдерді ашып келеді. Бұл жолы «Жұлдызай-2014» фестиваліне қала бойынша мүмкіндігі шектеулі 33 бала қатысуға ниет білдірді.

imagesБіздің мектеп атынан 1 Ә класс оқушысы Ж.Дулатов бейнелеу өнерінен жұмыстарын ортаға салып қорғап шықса, 2 А класының оқушысы И.Серікбаева «Тойбастар» әнін орындап, ерекше өнерге номинациясына «Алтын балық» қолөнер бұйымын ұсынып қорғады және О.Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтайды?» әдеби өлеңін мәнерлеп оқып сынға түсті.

Барлық қатысушылар алғыс хат, диплом және сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды.

№ 45 орта мектептің оқушылары «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 1 Ә класс оқушысы Жалғас Дулатов, «Ерекше жанр» номинациясы бойынша І орынды Инабат Серікбаева иеленді.