030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Қазақстан

Автор: Абденова Асылжан, 5 «Б» класс оқушысы. Posted in Дарынды бала

Қазақстан

imagesТату оның халқы бар,
Ынтымақты ту еткен.
Рухын өте биік қойып,
Намысын қолдан бермеген.
Отанды сүйіп құрметтер,
Жүзі басқа, жүрегі бір,
Есімі басқа, елі бір,
Түрі басқа, тілегі бір.
Жандар екен сыйлаған
Олар әрдайым бір-бірін.
Қиындықта қол ұшын
Біріне-бірі береді.
Еліміз тыныш болсын деп
Тілек етіп жүреді.
Ұлты бөлек болса да,
Түсінген олар жандарын.
Тілі бөлек болса да,
Түсінді олар бір-бірін.
Еліміздің ойлаймыз
Берекесін, бірлігін!

Ана тілім

Сен ғой менің жыр-әнім,
Сен ғой менің ардағым.

Сенімен халқым ән салар,
Сенімен халқым тіл қатар.
Сен болмасаң қайтер ем,
Білгенімді қалай айтар ем.
Қалай шертем сырымды,
Қуаныш пен қайғымды.
Асқақташы, биіктеп,
Менің үлкен тілегім.
Сен деп қана соғады,
Сен деп қана жүрегім.

Табиғат

Көз тартатын қарасаң,
Бай далам менің, кең далам.
Гүлі жайнап құлпырған,
Таласқан тауы аспанмен.
Жымыңдайды жұлдызың,
Тіршілік еткен құндызың.
Айналайын, ақ мекен,
Жұлдызы жанған шоқ мекен,
Күледі маған ай-күнің,
Сыр шертеді кең далам.
Сол үшін де алып қалам
Сен туралы жыр жазам,
Ән-думаны таусылмаған
Берекелі туған жер.
Айтар сырым таусылмаған,
Жайнай берші әрқашанда
Құлпырған далам, сай-салам.

Мұқағали Мақатаевқа

Еліңнің жырға қостың,
Қайғы-мұңын, қуанышын.
Сары күздің сарқытындай
Сізге деген сағынышым.
Өзіңізді пір тұтып,
Келеді сізше жырлағым.
Мақтанышпен айтады,
Артыңдағы ұрпағың.
Тоғызыншы ақпанда
Жыл сайын еске алады,
Жырларыңыз оқылып,
Сусындап бір қалады.
Сарқылмас байлық сыйладың,
Алтыннан қымбат өмірде.
Алғыс айтам шын көңілден
Мұқағали ата, өзіңе!