030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мұғалімдер

Автор: Жақанов Нұрғиса, 5 «Б» класс оқушысы. Posted in Дарынды бала

Алтын тіс

imagesБір күні інімнің,
Қалды түсіп тісі.
Көріп қалды әкемнен,
Сап – сары екі тісті.
Жылтыраған екі тісі бар,
Қызығып кетті әкеме.
-Алтын тіс сіздікіндей,
Шығады маған қашан?-
деп сұрады әкемнен.

Мұғалімдер

Тапсырманы, әріптерді,
Жазуды да үйреткен.
Сандарды да, есептерді.
Санауды да үйреткен.
Бөлу менен көбейтуді,
Алу, қосу, есептеуді.
Ине, жіпті ұстатып,
Кестені де тігуді.
Жылдарды, айларды,
Апта менен күндерді.
Жануарды, тағамды,
Қарындашты, қаламды
Қобыз бенен домбыраны,
Шаңқобыз бен шертерді,
Ән айтуды, нотаны,
Домбырамен шертуді.
Секіртпеде секіруді,
Оджимание істеуді.
Доп лақтыру, баскетболды,
Аяқпен тебу, футболды.
Неше түрлі тілдерді,
Ағылшын мен орысты.
Неше түрлі сөздерді,
Грин менен хаусты.
Үйреткен мына біздерге,
Рахмет айтам сіздерге!

Оқымайтын бала

Алқынып барасың,
Мектепке кешікпей.
Қоңырау соққасын
Сыныпқа жүгір – ей!
Класта отырасың,
Сыныпты шулатып.
Кіріп келсе апайың
Отырасың тыныш боп.
Салбырап басың тұрасың,
Апай сабақ сұраса.
Былай деп тіл қатасың:
«Ұмытып кеттім оқуға».
Отырасың қиналып,
Диктантта, бақылауда.
Сығалап қарайсың,
Не болды екен мынада.
Мықтысың мазақтап,
Жаман сөз айтуға.
Әлсізсің бірақ та,
Есеп пенен жазуға.
Сабақтарың біткен соң,
Ойнауға сен барасың.
Сөз ұқпайтын ешқандай,
Сен не деген баласың?

Prev Next