030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ақжарым

Автор: Аружан Аманжолова, 8 «А» класс оқушысы. Posted in Дарынды бала

Ақжарым

imagesАқжарым алтын бесігім,
Қалама таныс есімің.
Қашық емес қаладан,
Мақтан еткен бар адам.

Жол жатыр шұлап ойында,
Қаптаған көлік бойында.
Қызғалдақ толып маңайың,
Қызығып саған қараймын.

Түн болса жанар топтанып,
Іргеңнен қала оттары.
Шуағын жайып көкте күн,
Ортаңда менің мектебім.

Ақжарым асыл мекенім,
Өзіңмен бірге өсемін.
Оқимыз сенде ойнаймыз,
Армандап кілең ойлаймыз.

Әдемі үйлер нешеме?
Сән түзеп тұр ғой көшеде.
Өзіңде күнде жаңалық,
Келесің өсіп жаңарып.

Ақжарым алтын босағам,
Қыс кетіп қардан босаған.
Қиаға кетсем сағынам,
Өзіңе мәңгі табынам!

Анашым

imagesАнам менің түн ұйқысын төрт бөлген,
Өнеге алам өмір бойы мен сенен.
Ауырсам да қасымдасың әрқашан,
Жан жоқ шығар бір өзіңе тең келген.

Анам менің сен деп соғар жүрегім,
Ұл-қызыңның амандығын тіледің.
Күтіп алып бізді үнемі сабақтан,
Ренжетсек ішіңнен тек жүдедің.

Мейірбансың әрқашан да мен үшін,
Мен қолбағыс берем көмек қол ұшын.
Дүниеде болса қымбат бір нәрсе,
Сыйлар едім бір ғана тек сен үшін.

Ілияс ақынға

Жырларыңмен шыңдағы шынар едің,
Қашанда көз алдымда тұрар менің.
Халқыңның еркелеткен ақынысың,
Өзіңсің поэзия құлагері.

Мерт болдың оза шауып құлагердей,
Өлең-жыр қалды артыңда бірақ өлмей.
Қобызды, кең даланы жырға қосқан,
Жан бар ма бұл қазақта сірә сендей.

Мен бүгін мақтан еткен қыр қазағын,
Өңіне гүл бітірген сұр даланың.
Бас иіп әрбір асыл өлеңіңе,
Сүйеніп мен де бүгін жыр жазамын.